А
2020 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін
талдау анықтамасы
«Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
«Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ 2020 жылы жеке тұлғаларға – 53, заңды тұлғаларға – 5 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
- 1 қызмет («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы өтініш берілген, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы 1-кезең). Бұл өтініш жоғары тұрған органға қайта бағытталды, себебі өтініш беруші Темиртау қаласының аумағынан құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін сұраған;
- 1 қызмет бойынша бас тартылды, өйткені сұралған жер учаскесі бас жоспарға сәйкес өндірістік объектілер салуға арналмаған. Өтініш берушіге басқа жер учаскелері ұсынылды.
Стандарттар мен регламенттер ақпараттық стендте, «Ақтау кенті әкімінің аппараты» ММ-нің интернет-ресурсында және Теміртау қаласы әкімдігінің ЕПИР-GO (МОРТБ) қосымша бетінде орналастырылған.
Ақтау кентінің әкімі А. Бахриденов
Орынд.: Д. Нарымова