
Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан: «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту маңызды басымдық болып табылады».
Көшелерден, көппәтерлі тұрғын үйлерден, жеке сектордан жергілікті өзін - өзі басқару жиынына сайланған өкілдердің жалпы саны 10 адамды құрайды.
2023 жылы жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу үшін 13 жиналыс өткізілді: Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру; жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мониторинг жүргізу; 2021-2023 жылдарға, 2022-2024 жылдарға арналған кент бюджетінің жобаларын келісу және бекіту; 2021-2023 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту Бағдарламасын іске асыру; 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын қарау және бекіту;үй-жай иелерінің бірлестігін,жай серіктестікті құру және кенттегі ағымдағы жағдай туралы мәселелерді қарау. Жергілікті қоғамдастық жиналыстарында қаралған мәселелер шеңбері әр түрлі және кенттің тіршілік әрекетінің барлық бағыттарын қозғайды.