Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарының орман шаруашылығы мекемелері арасында облысаралық спартакиада өтті. Жарысқа сегіз команда қатысып, спорттық шеберліктерін, ұйымшылдығы мен жеңіске деген жігерін көрсетті.
Қатысушылар волейбол, үстел теннисі, шахмат, өрт-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ қошқар көтеру және арқан тарту бойынша бақ сынады.
Командалық жалпы есептің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
Бірінші орын — Қарағанды ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы.
Екінші орын— Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі.
Үшінші орын — Ақтоғай ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы.
Облысаралық спартакиада спорттық бәсекемен қатар, әр мекеменің ұжымдары арасындағы достық байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және ортақ мақсат жолында бірлікті арттыруға мүмкіндік берді. Қатысушыларды біріктіретін басты құндылық — Қазақстанның орман байлығы мен табиғи мұрасын сақтау.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға зор денсаулық, толағай табыс, жаңа жетістіктер және табиғатты қорғау жолындағы игілікті еңбектеріне сәттілік тілейміз!
Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын және Қарағанды облысының 2021–2027 жылдарға арналған ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі кешенді жоспарын іске асыру аясында «Ақтоғай ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылығы» КММ-де 2026 жылғы күзгі орман отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Күзгі отырғызу жұмыстары барысында 63 гектар аумаққа 210 105 үйеңкі көшеті отырғызылды.
Ағаш отырғызу – табиғи байлықтарды сақтауға, орман алқаптарын ұлғайтуға және келер ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
Бүгінгі көшет – ертеңгі жасыл орман!
Қарағанды облысында орман қорын молайту және жасыл алқаптарды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Биыл күзде 63 гектар аумаққа жапырақты ағаштардың 209,9 мың көшетін отырғызу жоспарланған.
Күзгі орман отырғызу жұмыстарына қажетті сапалы көшет қорын дайындау мақсатында Қарағанды орман шаруашылығының тұрақты орман питомнигінде үйеңкі көшеттерін қазып алу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 346 мың көшет дайындалды.
Қазіргі уақытта көшет қазып алу жұмыстары толық аяқталды. Дайындалған отырғызу материалы жоспарланған орман отырғызу жұмыстарын қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл шаралар орман алқаптарын ұлғайтуға, орман ресурстарын қалпына келтіруге және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Қарағанды облысында тамыр жүйесі жабық қылқан жапырақты ағаштардың өскіндерін өсіруге арналған жылыжай құрылысы басталды. Нысан жұмыс істеп тұрған орман тәлімбағының аумағында салынып жатыр. Оның жылдық қуаты 1 миллионға дейін өскін өсіруге мүмкіндік береді.
Жаңа технология отырғызуға дайын материалды қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді. Ашық жерде өскіндерді өсіруге шамамен екі жыл қажет болса, жабық жерде бұл процесс бір жылға созылады. Сонымен қатар, жабық тамыр жүйесі өсімдіктердің отырғызылғаннан кейін жақсы жерсінуіне ықпал етеді.
Жылыжайда микроклиматты автоматты түрде бақылау жүйесі, сондай-ақ заманауи суару және жаңбырлату жабдықтары орнатылады. Бұл ауа райы жағдайына қарамастан өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар тұрақты орман тәлімбағының аумағы да кеңейтіліп жатыр. Оның жалпы көлемін кезең-кезеңімен 80 гектарға дейін жеткізу жоспарланған.
Бүгінде тәлімбақта орманды қалпына келтіру жұмыстарына арналған миллиондаған өскін өсіріледі. Биыл көктемде облыста жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың 2,1 миллион өскіні 560 гектарға жуық аумаққа отырғызылды. Күзде тағы шамамен 210 мың өскін отырғызу жоспарланған.
Өсірілген отырғызу материалдары орманды қалпына келтіру жұмыстарына пайдаланылып, өңірдегі — Қарағанды, Құн және Ақтоғай орман шаруашылықтарын қажетті өскіндермен қамтамасыз етеді.
Тәлімбақты дамыту және жаңа жылыжай салу өз отырғызу материалдарын өндіру көлемін арттырып, Қарағанды облысының орман қорын қалпына келтіруге қосымша мүмкіндік береді.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.
Таңдау мүмкіндігі арта түседі
Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.
ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.
Барлық ақпарат – бір платформада
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаевтың төрағалығымен жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысы мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, жобаның іске асырылу барысын, ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді талқылады. Сондай-ақ құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау және жобаны тиімді жүзеге асыру үшін алдағы міндеттер айқындалды.
Жылыжай кешенінің құрылысы өңірдің орман қорын молайтуға, сапалы отырғызу материалын өсіруге және экологиялық тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Асет Нұрмұханұлы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың атынан «Экология саласының үздігі»** төсбелгісімен марапатталды.
Ведомстволық марапат Қоршаған ортаны қорғау күніне орай экология саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі, табиғатты қорғау бағытындағы жемісті еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін табысталды.
Бұл – қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жолындағы көпжылдық адал еңбектің және кәсіби қызметтің лайықты бағасы.
Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы қызметіне толағай табыс, жаңа жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік тілейміз!
2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.
НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.
18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :
- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.
18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.
Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:
Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша
«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2026 жылғы 24 - 26 маусым аралығында «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізіледі.
Талқылауға қоғам өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлер қауымдастығын және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.
Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер 2026 жылғы 26 маусымға дейін келесі байланыс арналары арқылы қабылданады: телефон: 8 (7212) 56-46-44, мекенжай: Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20.
Келіп түскен ұсыныстар жұмыс тобының отырысында қаралып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.