Өртке қарсы іс-шаралар

Өртке қарсы іс-шаралар

Орман қорын сақтау, қорғау және өрттердің алдын алу мақсатында 2025 жылғы өрт қаупі жоғары маусымда келесі шаралар жүзеге асырылды, Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу жөніндегі 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Орман қорғау мекемелері 5 604,8 км өртке қарсы жолақтарға алғашқы күтім жасады және 57,6 км минералданған жолақ құрды.
2024 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңде орман өрті тіркелген 4 жағдай орын алды, жалпы өртенген аумақ – 0,1701 га, оның ішінде орманмен жабылғаны – 0,04 га.
Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері мен инспекторлар табиғат қорғау заңнамасының бұзылуын анықтау және алдын алу мақсатында 264 рейд өткізді. Есепті кезеңде 35 әкімшілік хаттама толтырылды
Орман өрттеріне жедел жою үшін 6 орман өрт станциясы салынды.
Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, қалаларында орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің 4 камерасы орнатылды.
Әлеуметтік желілерде 69 жарияланым дайындалып, 11 телебағдарламада сұхбат берілді.
2025 жылғы өртке қарсы маусымға дайындық аясында барлық қажетті жұмыстар жүргізілді, айта кету керек, биыл алғаш рет «Қарқаралы авиациялық бөлімшесі Казавиалесохрана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп 156 000 га орман алқабын өрттен қорғау бойынша кешенді жоспар әзірленді.
«Казавиалесохрана» авиациялық бөлімшесінің ұшақтары мен тікұшақтары орман шаруашылығы аумақтарын тұрақты түрде патрульдейді. Өртке ең бейім аймақтарға ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ ағымдағы жылы республикалық маңызы бар ұлттық табиғи парктер үшін 6 орман өрт сөндіру станциясын салу жоспарлануда.
Жыл сайын орман шаруашылығы мекемелерін өртке қарсы іс-шараларды жүргізу үшін техникамен және құрал-жабдықтармен жарақтандыруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі күні техникамен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттердің алдын алу бойынша іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысты мәселелер тұрақты бақылауда.