Сокыр өзеніне құйылғанға дейін кіші Бұқпа өзенінің арнасын санациялау жөніндегі кеңес

Сокыр өзеніне құйылғанға дейін кіші Бұқпа өзенінің арнасын санациялау жөніндегі кеңес

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаевтың төрағалығымен Сокыр өзеніне құйылғанға дейін кіші Бұқпа өзенінің арнасын санациялау бойынша кеңес өтті. Кеңеске Қарағанды қаласы әкімдігінің, қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің, Қарағанды қаласының ТЖ бөлімінің, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясының, «Қарағанды су қоймалары» КМК, жобалаушы өкілдері қатысты.

Кеңес барысында осы жобаны іске асырудың алдағы жоспарлары талқыланды, бұл қолда бар ластануларды одан әрі жоюға, жер үсті суларының бітелуін болдырмауға және төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша келесі аптада Қарағанды қаласы әкімінің қатысуымен ЖСҚ әзірлеу және оны одан әрі іске асыру жөнінде нақты және тиімді техникалық шешім қабылданатын қосымша кеңес ұйымдастыру туралы айқындалды.