
2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде Ақтоғай ауданында «Тоқырауын өзенін санациялау» жобасын іске асыру жалғасуда. Негізгі міндеттер: өзен жағалауларын тазарту және нығайту.
2024 жылғы 22 қарашада Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев нысанға барып, жұмыс барысын бағалады.
Нысанға тартылған:
14 бірлік техника (4 бульдозер, 1 тиегіш, 7 самосвал, 2 шынжыр табанды экскаватор).
Жобаны жүзеге асыру үшін 19 маман жұмыс істейді.
Жобаны «Гидро құрылыс» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды. Шарт 2024 жылдың 29 тамызында жасалды.
Жұмыстар өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізілуде!