Нұра ауданында ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру

Нұра ауданында ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру

Нұра аудандық балалар өнер мектебінде Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Бахтияр Жұматайұлымен аудан тұрғындарының кездесуі өтті. Аудан әкімінің орынбасары Оспанов Уалихан Тлеуханұлы ашып жүргізген кездесуге аудан ақсақалдары, аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме және бөлім басшылары, білім беру және спорт саласының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты жолдауы түсіндірілді. Сонымен қатар, Бахтияр Жұматайұлы жиналғандарға Президент Жолдауында берілген тапсырмалардың Нұра ауданы және жалпы Қарағанды облысы бойынша қалай жүзеге асырылып жатқандығы жайлы баяндады.
Қатысушылар тарапынан құс өсіру, ауыз су мәселесіне қатысты түрлі сұрақтар көтеріліп, мардымды жауаптар алынды.