Жасыл экономика

Жасыл экономика

Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасын орындау мақсатында 2024 жылғы 5 қарашада облыстың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Ж. Санбаевтың төрағалығымен Экология департаментімен, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен, Бұқар жырау ауданының әкімдігімен бірлесіп Бұқар жырау ауданында қайталама шикізатты қайта өңдеу саласын дамыту мәселесі бойынша «Қазақстанның қайталама шикізаты қайта өңдеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі болжамды инвесторының бірінші кеңес өткізілді.
Кеңесте инвестицияларды тарта отырып қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, қайта шикізаттан өнім ала отырып, қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамыту мәселелері көтерілді.