
Ақтоғай ауданы халқының ұсынысы аясында, Қарағанды облысы әкімінің қолдауына сәйкес, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Тоқырауын өзенін санациялау» жобасын әзірледі. Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының келісімі және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Бүгінгі таңда мердігер – «Гидро Құрылыс» ЖШС, Техникалық қадағалау «Techengineering (Технинжиниринг)» ЖШС, «Мир проект» ЖШС жобасының авторы болып табылады. Ағымдағы жылдың 15 қазанында басқарма басшысы Б.Ж. Санбаев Ақтоғай ауданына іс-сапармен барып, Ақтоғай ауданы әкімдігінің қызметкерлерімен, тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және ақсақалдарымен, аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен «Тоқырауын өзенін санациялау» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында, жоба бойынша өзенді тазарту, тереңдету және қорғаныс бөгеттерін салу талқыланды. Барлық кеңеске қатысушылар Тоқырауын өзенінің арнасына барып, жүріп жатқан жұмыс барысы бойынша танысып, сұрақтар мен ұсыныстарына жауап алды. Осы жобаның іске асыруын қолдап, сапалы жүргізуді ұсынды. Жобаны іске асыру, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тұрақты бақылауында.