Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инвесторларға арналған «Жасыл Даму» АҚ бағдарламасын түсіндіруді ұйымдастыру

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша инвесторларға арналған «Жасыл Даму» АҚ бағдарламасын түсіндіруді ұйымдастыру

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Президентінің тапсырмасы шеңберінде «Жасыл Даму» АҚ бағдарламасы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және сұрыптау саласына инвестиция салғысы келетін компаниялармен кеңес ұйымдастырды.

Кеңеске «Жасыл Даму» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ өкілдері қатысып, аталған бағдарлама бойынша түсініктеме берді.       

Қолда бар мәселелер талқыланды. Инвесторлар осы бағыттағы өз жобалары мен ұсыныстарын ұсынды, оларды әрі қарай іске асыру үшін өңірлер басқармасы мен әкімдіктері қарайды және одан әрі сүйемелдейді.