Облыста қатты коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеудің ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін қамтамасыз ету мәселесін қарау.Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев депутаттармен бірге Абай ауданына барды.
Абай қаласында 10 га алаңда жаңа ҚТҚ полигонын салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Жоба бойынша сұрыптау желісін, 25 жұмыс траншеясын салу, полигонды жайластыру және т.б. көзделген.
Жұмыс сапары аясында контейнерлік алаңдар да қарадық. Соңында Абай ауданының әкімі С.Оспановтың, аудандық мәслихат төрағасы Д.Сәкеновтың қатысуымен кеңес өткіздік, онда ҚТҚ жинау шарттары, сондай-ақ полигон салу кезінде туындаған мәселелер және т.б. талқыладық.
Экологиялық кодекске сәйкес негізгі міндет жерлеуді қысқарту және таңдалған қайталама шикізаттың үлесін ұлғайту болып табылады.
Қойылған мақсаттарға барлық мүдделі тараптардың, оың ішінде мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті беруші кәсіпорындардың және, әрине, халықтың өзара іс-қимылы арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Осыған байланысты, депутаттық корпус халық арасында қалдықтарды бөлек жинау туралы ақпараттық жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті, бұл қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы оң динамиканы айтарлықтай жеделдетеді.
Алдағы уақытта осы бағыт бойынша өзекті мәселелерді талқылау және ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.