
Басты сапар мақсаты – аграрлық сектордағы ең негізгі жобалар бойынша іске асыру барысы, мал және балық шаруашылығын дамыту және ветеринариялық нормалардың сақталуын бақылаумен танысу.
Бағдарлама ауқымды болды.
Вице-Министр А.Бердалин Өңірдегі балық саласының дамуымен танысу үшін жұмыс сапары бағдарламасында Қарағанды балық питомнигі мен «Қарағанды бекіре» ЖШС-не барды.
Кездесу барысында Вице-Министр балық саласын дамыту мақсатында жыл сайын өнімдердің аквакультуры (балық шаруашылығы) өнімділігін және сапасын арттыруды және асыл тұқымды балық шаруашылығын субсидиялау, сонымен қатар инвестиция салған балық шаруашылығы субьектілеріне келген шығындар бөлігін жабуды қамтамасыз ету бағдарламалардың маңыздылығы зор екендігін, субсидиялау бойынша бағдарламаларды әрі қарай жетілдіріп, жағдай жасау қажеттілігіне назар аударды.