
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) басшысының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 17 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 15 мамырында сағат 11.00 де Лобода көшесі 20 мекен-жайы бойынша Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау жүргізілді.
Қоғамдық талқылауға қатысу үшін ZOOM-конференциялар арқылы қатысқан «Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу қауымдастығы» ҚБ президенті Владимир Анатольевич Быков шақырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған қызметкерлер лауазымдарының тізілімі және Басқармаға қатысты нормативтік-құқықтық актілер қарастырылды.
Талдау барысында Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Анықталған тәуекелдер негізінде осы бұзушылықтарды жою бойынша жоспар әзірленді, бұл жұмыс жыл соңына дейін жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс басқарма басшылығының тұрақты бақылауында.