
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев Новодолинский кентіндегі питомникке барып көрді. Сондай-ақ, "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық"КММ қала маңындағы орманшылықтың мемлекеттік орман қоры аумағында ағаш отырғызуды тексерді. Мұнда 135.5 гектар алқапта шаған жапырақты үйеңкі және жербауырлы шегіршін орман дақылдарын екі жылдық көшеттерімен көктемгі отырғызу жүргізілуде.