
Нұра–Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 сәуірінде сағат 10:00-да Қарағанды қаласының резервтік қорындағы Федоров су қоймасында «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясы өткізіледі.
Аталмыш акцияға Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторларымен бірлесіп, Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығының қызметкерлері, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Биология-география факультетінің студенттері қатысады. Акцияның барысында балық шаруашылығы су айдынында иесіз балық аулау ауларынан тазарту және су айдынының жағалауын тұрмыстық қоқыстардан жинау жұмыстары жұргізіледі.
Қала тұрғындарын, эко белсенділерді және еріктілерді «Таза су айдындары» табиғатты қорғау акциясына қатысуға шақырамыз.
Федоров су қоймасында акцияның өтетін орны суретте көрсетілген.
