Қарағанды облысында 2024 жылғы 5 сәуір мен 3 маусым аралығында елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық басталды

Қарағанды облысында 2024 жылғы 5 сәуір мен 3 маусым аралығында елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық басталды

Қарағанды облысында 2024 жылғы 5 сәуір мен 3 маусым аралығында елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлық басталды.
Көктемгі екі айлық аясында апта сайын сенбіліктер өткізу жоспарланған.

«Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ барлық субъектілерді 13 және 20 сәуірде өз аумақтарын санитарлық тазалауды, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге шақырады.

Нарықтық баға бойынша отырғызу материалын сатып алу үшін 8 (7212) 44297 байланыс деректерін ұсынамыз.

Іс-шаралар барысында азаматтарды қоршаған ортаны ластамауға үйрететін акциялар өтеді.

Барлық бей-жай қарамайтындардан іс-шараларға қосылуды, өз аулаларын, көшелерін абаттандыруды және тазалауды, акцияларға қатысуды сұраймыз.

Өткізілген жұмыстар мен іс-шаралардың нәтижелері туралы облыс кәсіпорындары мен тұрғындарының сенбіліктерге барынша қатысуына қол жеткізу үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлығын хабардар ету қажет.

Сенбілікті өткізудің ұсынылатын уақыты сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін.