Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қарағанды облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Қарағанды облысына жұмыс сапары

Жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов өңірдің құтқару бөлімшелерінің қызметі мен тұрмыс жағдайымен танысты. Екі күн ішінде өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару бөлімшелеріне, Матақ трассалық медициналық-құтқару пунктіне, ТЖ департаментіне, 52859 әскери бөліміне, госматрезерв объектілеріне барды.
Министр құтқарушылардың күнделікті өмірімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, гарнизонның жеке құрамымен кездесті.
Сонымен қатар, сапар барысында өңірдің су тасқыны кезеңіне дайындығына, гидротехникалық құрылыстардың су тасқынын апатсыз өткізуге дайындығына назар аударылды.
«Қазсушаруашылығы» РМК филиалының басшылығы 2023 жылдың жазғы - күзгі кезеңінде су қоймаларында өткізілген дайындық жұмыстары туралы баяндады, с.Чкаловтың қорғаныс білігін, Самарқанд және Жартас су қоймаларының су торабын тексеру жүзеге асырылды.
ТЖ Министрі қорытындысы бойынша өңірдің және оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берді.