Қалалар мен аудандардағы тұрмыстық қалдықтарды қадағалау бағдарламалары

Қалалар мен аудандардағы тұрмыстық қалдықтарды қадағалау бағдарламалары

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Асановтың төрағалығымен кеңес өтті, онда қалалар мен аудандардың коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі әзірленген бағдарламалар (бұдан әрі – Бағдарлама) қаралды.

Бұл бағдарламалар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы шеңберінде, сондай-ақ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің (2023 жылғы 18 мамырдағы № 154-п) бұйрығына сәйкес іске асырылады.

Қалалар мен аудандар әкімдіктері үшін бағдарламалар әзірлеу Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша жүргізілді.

Кеңеске қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі компаниялардың өкілдері қатысты.

Бағдарламаларды әзірлеу кезінде өңірлер әкімдіктерінің, қоғамдық және мүдделі органдардың барлық ұсыныстары мен ұсынымдары ескерілді.

Соңғы кезең қалалар мен аудандар мәслихаттарының сессияларында бағдарламаларды бекіту болады.