Компаниялармен өткен кеңесте «Жасыл Даму» АҚ-ның «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы Қазақстан Республикасында қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу технологияларын енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салу, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған қалдықтарды басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру жөніндегі бағдарламасы талқыланды.
«Жасыл Даму» қорын кредиттеу шарттары сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3% – дан аспайды, мерзімі-3 жылдан 15 жылға дейін.
7 компания («Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС, «Вторсырье Караганда» ЖШС, «Гордорсервис – Т» ЖШС, «Қарағанды РЕСАЙКЛИНГ» ЖШС, «Мир Стекла» ЖШС, «Ресайклинг Сервис» ЖШС, «ЭкоАлем Қазақстан» ЖШС) «Жасыл Даму» қорының кредиттеу бағдарламасына енгізу үшін өз жобаларын ұсынды.
Басқарма басшысы Б.Ж. Санбаев осы компаниялармен бірлесіп Астанада Қарағанды облысынан «Жасыл Даму» АҚ-ға шамамен 3,1 млрд.теңге сомасына 7 жоба ұсынды.