
2024 жылғы 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласы Атакент көрме орталығының 9 павильонында «KIOF» (Kazakhstan International Outdoor Fair) 5 – мерейтойлық халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді. Бұл B2B, B2C кең форматты іс-шарасы болып табылатын Орта Азиядағы ең ірі мамандандырылған аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі. Саланың барлық өкілдері үшін ынтымақтастықтың жаңа форматтары. Аталған іс-шараға ТМД елдерінен, жақын және алыс шетелдерден компаниялар, кәсіпорындар, спорт орталықтары, ұйымдар шақырылды.
«KIOF» көрмесі (Kazakhstan International Outdoor Fair) - аң аулау, балық аулау және белсенді демалыс саласындағы ең күтілетін оқиға болып табылады. Төрт күн бойы Алматы Қазақстанның, ТМД елдерінің осы индустриясының мамандарын тарта отырып, демалу бойынша ең қызықты шешімдерді, аң аулау, балық аулау және белсенді демалыс саласындағы өзекті ұсыныстар мен сұранысқа ие бағыттарды шоғырландыру орталығына айналады.