Экология департаменті «Дәнекер жол» ЖШС-нің жарылыс жұмыстарын жүргізуіне тыйым салу туралы сотқа шағым түсірді.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 28 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Ақтоғай ауданы әкімінің хаты мен тұрғындардың ұжымдық өтініші негізінде «Дәнекер жол» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру барысында кәсіпорынның қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаты және Бектау кен орнындағы рекультивациялық жұмыстарға мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы бар екені анықталды. 26 қарашада мердігер тастарды ұсақтау және карьердің бетін тегістеу, одан кейін Бектау карьерін рекультивациялау бойынша жарылыс жұмыстарын жүргізді, алайда мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында жару жұмыстары қарастырылмаған. Аталған факті бойынша Департаментпен ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 332-бабының 2-бөлігімен жалпы сомасы 488 504 әкімшілік айыппұл салынды.
Сонымен қатар, департамент тарапынан кәсіпорынның мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысында көзделмеген жарылыс жұмыстарын жүргізу бөлігіндегі қызметіне тыйым салу туралы талап арыз жіберілгенін хабарлаймыз.