Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Қарағанды облысы үшін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу жобасының тұсаукесері өтті

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Қарағанды облысы үшін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын  әзірлеу жобасының тұсаукесері өтті

            Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында Қарағанды ​​облысы үшін Коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірлеу жобасының тұсаукесері өтті.

         Жобалаушы – «ЭКОЭКСПЕРТ» ЖШС.

         Бағдарлама Экология министрінің (2023 жылғы 18 мамырдағы № 154) бұйрығы негізінде әзірленуде.

         Жиынға қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі серіктестіктер, сондай-ақ мүдделі органдардың өкілдері қатысты.

         Тұсаукесерден кейін жобалаушы ескеретін және Бағдарлама жобасын одан әрі түзететін ұсыныстар енгізілді.