ҚАРАҒАНДЫДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРАҒАНДЫДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Биыл Қарағанды орман шаруашылығы 380 гектар жерге ағаш отырғызды. Көгалдандыру шарасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Ел Президенті 2025 жылға дейін 2 мрд ағаш отырғызу қажеттігін атап өтті. Биыл Қарағанды орман шаруашылығында 846 мың екі жасар қарағаш пен американдық үйеңкі екті. Жасыл желекті егу шарасы Саран, Абай, Шахтинск қалаларының маңында жүргізілді. Ағаштар өз питомнигінен әкелінді. Бұл өте ыңғайлы және тиімді. Себебі басқа қалаларда тұқым сатып алмайсың. Жақында аяқталған күзгі ағаш отырғызу науқаны кезінде 547 мың ағаш, қарағаш және үйеңкі көшеттері егілді. Бұл жасыл желектер Қарағанды-Теміртау автожолының бойында өседі. Ағаш отырғызбас бұрын мамандар дайындық жұмыстарын жүргізеді. Облыс бойынша орман шаруашылықтары мемлекет тарапынан қажетті қолдау алады. Арнайы техника жаңартылды, тракторлар мен қопсытқыштар сатып алынды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 127 мың гектардан асады. 69 мың гектарға жуығы орманмен жабылған. Мамандар жыл сайын ағаш отырғызуды ұлғайтуға және сол арқылы Қарағанды өңірінің орман алқабын толықтыруға ниетті.
Елубай РСАЛДИН "Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" КММ ормандарды молықтыру және өсіру жөніндегі инженері
-"Болашақта біз ассортиментті көбейтеміз, Қараған және Қарақат тұқымын жинаймыз.Бір-екі жылдан кейін біз одан да көп егеміз. Орман шаруашылығының негізгі міндеті-ормандарды молықтыру және толықтыру. Бірінші кезекте біз Қазақстанда ормандарда ағаштарды көбейтуіміз керек. Алдымен ағаш егетін топырақты зерттейміз. Бұл үшін жұмыс жоспары жасалды.Қанша гектар, қай уақытта себу керек.Оның ішінде күтім ережелері де көрсетілген. Өткен жылдан бастап топырақты өңдеуге қажетті техникамен қамтамасыз ету белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, аймақта бес орман өрт сөндіру бекеті салынды. Енді біз өрттен жақсы қорғанамыз.»