
🌏🌏 16 қыркүйекте Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Экомузей» ҚБ және «Рефлексия» ҚБ-мен бірлесіп жаппай сенбілік өткізуде. Бұқаралық шара «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылады.
🌲 Қарағандыда сенбілік ескі әуежай маңындағы саябақта өтеді. Гудермесская көшесі, 104/1.
📌 Қарағандыда Дүниежүзілік тазалық күніне орай сенбілікке қатысуға ниет білдіргендердің барлығына автобус ұйымдастырылады. Автобус таңертеңгі сағат 10-да Каскад субұрқақ алдында күтеді (Бұқар Жырау даңғылы, 47).
📌 Іс-шараның барлық қатысушылары қолғаппен, қоқыс жинауға арналған қаппен қамтамасыз етіледі. Сенбіліктің ең белсенді қатысушылары сыйлықтар алады. Сенбілік аяқталғаннан кейін эко пикник ұйымдастырылады.
🌳🌳 Қарқаралы ауданында экологиялық мектеп аясында аумақты тазарту бойынша акция өтеді. Теміртау қаласындағы мектептердің жас эковолонтерлері "Жосалы" шипажайының маңындағы орман екпелерін тазартады.
💥💥 Айта кету керек, бұған дейін "Бөліңіз!Тапсырыңыз!Қайта өңдеңіз!" жобасы аясында облыста орман екпелерінде, саябақтарда, жағалауларда сенбіліктер өткізілді. Оған қала тұрғындары белсене қатысты.
💥💥«Дүниежүзілік тазалық күні» – миллиондаған аулаларды, қалаларды, ауылдарды, ормандарды, өзендер мен теңіздердегі қоқыстарды тазарту үшін біріктіретін ең ірі халықаралық қоғамдық акция. Акция 2008 жылы Эстонияда «Кел, осы жұмысты бірге атқарайық!» қозғалысы кезінде басталды (Let's Do it!). 50 000 ерікті 5 сағатта елді 10 000 тонна қоқыстан тазартты. Бірнеше жылдан кейін жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша аумақтарды жаппай тазалаудан кейін ластану 75%-ға төмендегенін көрсетті! Соңғы жылдары бұл шараға 50 миллионнан астам адам қатысты. 2023 жылы тазалыққа 197-ден астам ел мен 71 миллион ерікті ат салысты!
🌏🌏Барлық қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырамыз! Біз де облыс халқын акцияға үн қосып, аулаларын тазалауға шақырамыз. Өйткені тазалық ауладан басталады!
☎️🖊️Қосымша ақпарат:
- Мадина Салпенова +7 775 989 45 43
- Ирина Игнатович, ЭкоМұражай, +7 705759 99 09,
- Елена Варганова, «Отражение» ҚБ, +7 701 679 0671