Күзгі-қысқы аң аулау маусымының ашылуы

Күзгі-қысқы аң аулау маусымының ашылуы

Құрметті аңшылар, 1 қыркүйектен бастап «2023 жылы облыс аумағында күзгі-қысқы аң аулауды ашу туралы» Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі облыстық аумақтық инспекциясының бұйрығына сәйкес ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен Қарағанды облысының аумағында әуесқойлық аң аулауға рұқсат етілді.
Аңшылық-рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін пайдаланудың бір түрі.
Аң аулау үшін аңшылық шаруашылықтарының субъектілеріне - жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жеке және заңды тұлғаларға - аңшылық шаруашылықтары субъектілерінің жолдамаларын алу қажет, сондай-ақ өзімен бірге аңшы куәлігі болуы тиіс.
Қарумен атып аң аулау кезінде - жеке тұлғаларға қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат болуы қажет.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы азаматтардан аң аулау ережелерін сақтауды, аң аулауға рұқсат етілген жануарлардың мерзімдері мен түрлеріне сәйкес аң аулауды, сондай-ақ қаруымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын жүзеге асыруды сұрайды.