«Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер және Байтуған елді мекендері арасындағы Нұра өзенін санациялау» жұмыс жобасын жүзеге асыру бойынша учаскеге шықты

«Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер және Байтуған елді мекендері арасындағы Нұра өзенін санациялау» жұмыс жобасын жүзеге асыру бойынша учаскеге шықты

         9 маусымда Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Ж. Санбаевтың бастамасымен «Қарағанды облысы Нұра ауданының Шахтер және Байтуған елді мекендері арасындағы Нұра өзенін санациялау» жобасын жүзеге асыру бойынша көшпелі кеңесі өтті.

Көшпелі кеңеске техникалық қадағалау өкілімен «TOLAGAI 2050» ЖШС мердігерлік ұйымы қатысты.

Кездесуде жобаны іске асыру  бойынша атқарылатын жұмыс барысы мен проблемалық мәселелер талқыланды.

Бұл учаскеде 41 адам екі ауысымда жұмыс істейді.

Сондай-ақ техникалардан 4 экскаватор, 22 самосвал, 2 бульдозер, 1 жүк тиегіш пайдаланылады. 2 резервуар орнатылған.

         Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша мердігер ұйымға жұмыскерлер мен  арнайы техниканың санын көбейту міндеттелді.  Сонымен қатар,  өндірістік жоспарға  сәйкес,  жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау тапсырылды.

         Техникалық қадағалау ұйымына  орындалатын жұмыстың сапасы мен көлемін бақылауды күшейту жүктелді.      

Бұл  жобаның толық жүзеге асыру  «Қарағанды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің тұрақты бақылауында.