Өрт тілсіз жау

Өрт тілсіз жау

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажет, жер бетіне көрік берген сәні. Халқымызда табиғат деген сөз жер, туған жер, атамекен ұғымдарымен қатар тұрады. Әрбір азамат табиғат алдында өзін жауапты, барлық жануарды киелі санап, өзен, көл жағалауларын таза ұстап, бұлақ көрсе көзін ашып, жастайынан балаларының санасына сіңіріп, бойларын жақсылыққа үйреткен.
«Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп халық даналығында айтылғандай, табиғатты қорғау біздің міндетіміз, болашақ ұрпаққа қалдырар байлығымыз. Сондықтан табиғаттың жанашыры болу әр адамның міндетті борышы екенін біліп жүрейік.
Жалпы Қарағанды облысының орман қоры жерінің аумағы (көлемі) 127 039 га, (орманмен жабылған 68 962 га). Осы алақандай ғана бар орманды өрттен, басқада заңсыз зиян келтіру қимылдардан сақтап, аман алып қалу үшін қолданыстағы заңдылықтарды негізге ала отырып, министрлік (облыстағы уәкілетті органдардың құрлымдары) және жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жүйелі жұмыстар бүгінгі күні атқарылуда. Дегенменде облысымыздың орман алқаптарында, таулы аймақпен өзен-көл жағалауларында өздеріңіз күнделікті ақпарат құрал көздерінен көріп, оқып біліп отырғандай өртің жиі болуы бірден-бір айғақ. Өрттің пайда болуы себебі жаз айларында күнің ыстық болуы, адамдардың демалуға барғанда отты пайдалануда, абайсыз өртке ұласуы (қоқыстарды, құрғақ шөптерді) салдарынан туындап отыр.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және оның құрылымдық бірліктері – «Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі шаруашылықтары» КММ тарапынан облыс тұрғындарымен әр тарапта профилактикалық түсіндіру жұмыстары (радио-теледидарларға сұхбат, газет, фейсбуг, инстаграммаға мақала, адамдармен кездесу, буклет тарату, т.б.) кеңінен жүргізілуде және алдағы уақытта жүргізіле береді. Сонымен қатар аталған мекеме қызметкерлері тұрақты режимде ахуалға мониторинг жасап, аумақтарды патрульдеу жүргізеді.
Осы орайда, құрметті қала және ауыл тұрғындары өрт қауіпсіздігі талаптарын білу және сақтау қажет. Ал сақтамаған жағдайда Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын және санитариялық қағидаларды бұзу - әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 367 - бабына сәйкес жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне-отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз елу АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Есіңізде болсын! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау сіздің әл-ауқатыңыздың және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі. Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін, адамның, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгертіп, табиғат пен адам арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен таныс болуы керек.