Шахтинск қаласында экоквест өтті

Шахтинск қаласында экоквест өтті

«Бөл! Тапсыр! Қайта өңде!» жобасы аясында «Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Шахтинск қаласында командалық экологиялық квест-ойынын өткізді. Оған қаланың барлық мектептерінен  командалар қатысты.

Мектеп командалары іс-шараға жауапкершілікпен қарады: ерекше команда атау мен ұран ойлап тапты, эмблемалар дайындады, ең бастысы, қоқысты бөлек жинау туралы білімдерін жетілдірді.

Эко-квест 9 станциядан тұрды. Әр команда маршруттық параққа сәйкес тапсырмаларды орындады:

«Тергеуді сараптама жүргізеді»

«Қоқыс жәшігін толтыру»

«Зерттеу»

«Қалдықтарды сұрыптау»

«Қалдықтарды кәдеге жарату»

«Қоқыстың ыдырау уақыты»

 «Қайта өңдеу»

«Төтенше жағдай»

«Парақша»

Іс-шараға қатысушылар жемісті нәтижемен аяқтап, ұйымшылдық, тапқырлық пен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Экоквестке белсенді қатысқаны үшін барлық командалар грамоталар, сондай-ақ Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан естелік сыйлықтар алды.

Іс-шараны жалпы ұйымдастыруды Қарағанды облысы білім басқармасына қарасты Шахтинск қаласының білім бөлімінің қолдауымен Шахтинск қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі жүзеге асырды.