Промежуточная бөгеттен Құлайғыр ауылынан төмен қарай орналасқан айналма каналды санациялау

Промежуточная бөгеттен Құлайғыр ауылынан төмен қарай орналасқан айналма каналды санациялау

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев Құлайғыр ауылдық округінің әкімі А. Әбішевпен көшпелі кеңес өткізді.

Кеңеске сондай-ақ табиғатты қорғау бағдарламалары және су ресурстарын реттеу бөлімінің басшысы Ш.Сейтімов және "Қазжобасаулет-Консалтинг"ЖШС жобалау ұйымының өкілдері қатысты.

Кездесуде проблемалық сауалдар мен өзекті мәселелер талқыланып, айналма каналдың қауіпті учаскелері анықталды.
Кездесу қорытындысы бойынша А. Әбішевтің ұсыныстары бойынша проблемалық учаскелер анықталды. Әрі ол учаскелер жұмыс жобасына енгізілетін болады.
" Промежуточная бөгетінен Құлайғыр ауылынан төмен орналасқан айналма арнаны санациялау" жұмыс жобасын әзірлеу тұрақты түрде бақылауда болады.