Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан Жартас көліндегі балықтардың өлімі туралы ақпарат

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында орналасқан Жартас көліндегі балықтардың өлімі туралы ақпарат

2023 жылғы 30 сәуірде әлеуметтік желілерде жүргізген мониторингі барысында Нұра - Сарысу облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы (бұдан әрі-Инспекция) Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Жартас көлінде балықтың өлуі туралы ақпаратты анықтады.
Жануарларға қауіп-қатер төнген кезде, немесе өлу дерегі тіркелген жағдайда нақты нұсқаулыққа сәйкес инспекциямен барлық мүдделі органдарға хабардар етілді. (Бұл Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы, Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Қарағанды облысының ветеринария басқармасы, Қарағанды облысы бойынша экология департаменті.)
Комиссия 2023 жылдың 1 мамырында діттеген объектігі барған кезде жалпы салмағы 32 келі болатын бірқатар балық түрлерінің өлу дерегі тіркелген. Бұл (27 келі - сазан, 5 келі - алабұға). Қарағанды облысы бойынша экология департаменті дереу судан сынама алды. Қарағанды облысының ветеринария басқармасы мен Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп, санитарлық нормаларды сақтай отырып, өлген балықты кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстар ұйымдастырды.
Айта кету керек, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін Жартас көлі «Әсел» шаруа қожалығына бекітілді.
Болжам бойынша балықтардың өліміне - суда еріген оттегінің болмауы себеп.
Толығырақ ақпарат қосымша хабарланады.