
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Б.Қ Асановтың төрағалығымен Салонка медігер ұйымы өкілімен бірге Нұра өзені арналарының үш учаскесін (Бұқар Жырау ауданы Чкалово ауылының маңы, Нұра ауданы Байтуған ауылы және «Нұра өзені каналынан Сәтбаев Қарағанды-Павлодар автожолына дейін") санациялау мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Сондай-ақ, кеңеске жобаларды әзірлеушілер мен техникалық қадағалау мамандары қатысты. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы аяқталған және жалғасып жатқан жобалар бойынша баяндама жасады. Мердігер ұйымның өкілі Нұра өзенінің үш учаскесінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, проблемалық мәселелерді айтты. Сондай-ақ, Солонка өзенін санациялау жобасында қарастырылған жұмыстардың барлығы орындалғанын атап өтті. Алайда, санациялау жүргізілгеннен кейін туындаған проблемалық мәселелер бар. Осыған байланысты жобаны әзірлеушіге өзендегі су деңгейін көтеру үшін техникалық шешім қабылдауды, ал мердігер ұйымға техникалық шешімге сәйкес жұмыстар жүргізуді тапсырылды.
Одан әрі, Нұра өзенін (Чкалова ауылы) санациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар реті объектіге барып талқыланды. Мұнда жоба авторына қосымша қаражат тартпай, шарттық құн шегінде габиондарды тереңдету және ауыстыру бойынша жұмыстардың кейбір түрлерін алмастырып, жобаны түзетуді, мердігер ұйымға жұмысты сапалы жүргізуді және кестеге сай, мерзімінде аяқтауды тапсырды.