
2 шілдеде «Бірге — Таза Қазақстан» акциясын өткізу шеңберінде Қарағанды облысында «Тарата, Тапсыр, Қайта өндей» экологиялық жобасымен бірге Табиғи ресурстар және реттеу басқармасы қоқысты бөлек жинау және оны қайта өңдеуге тапсыру сенбілігін ұйымдастырды.
Сенбілікті Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен жанашыр тұрғындар бірлесіп ұйымдастырды. Күзембаев көшесі, 72 тазаланды, онда адамдар бос уақытын жиі өткізеді.
Сенбіліктің барлық қатысушылары үшін: аумақты тазалауға арналған құрал-саймандар, тағамдар, ойын-сауық және экожабдықтар ұйымдастырылды.
Сенбілік қорытындысы бойынша шығарылды:
- 24 қап шыны,
- 17 пластик қап
- 11 қап полиэтилен
- 2 қап алюминий
- Полигонға 8 қап аралас қоқыс
- 2 аралас қоқыс машинасы
Қарағанды облысында «Тарата, Тапсыр, Қайта өндей» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады, мұнда сіздердің әрқайсыларыңыз белсенді қатыса алады. Акцияның келесі жаңалықтарын облыс әкімдігі мен облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми парақшасынан көріңіздер.