Қарағандыда «Бөліп бер, тапсыр, ұқсат» қоқысты бөлек жинау бойынша экосуботник өтті

Қарағандыда «Бөліп бер, тапсыр, ұқсат» қоқысты бөлек жинау бойынша экосуботник өтті

         «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын және «Бірге Таза Қазақстан» республикалық іс-шарасын іске асыру шеңберінде 11 маусымда қоқысты бөлек жинаумен және оны қайта өңдеуге тапсырумен «Бөліп бер, тапсыр, ұқсат»      экосуботнигі өткізілді.

         Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері мен немқұрайлы емес тұрғындармен бірге Пришахтинск орман отырғызу аумағы тазартылды.

         Экосубботниктің барлық қатысушылары үшін көлік, аумақты тазалауға арналған мүкәммал, жеңіл тағамдар, ойын-сауық және экожабдықтар ұйымдастырылды.

         Сенбілік қорытындысы бойынша шығарылды:

-12 пластик қаптар;

-3 қап металл;

-4 қап шыны;

- қақпақтар;

-5 қап аралас қоқыс.

         Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тұрақты түрде тұрғындардың экокультурасын қалыптастыру бойынша экологиялық іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ аймақ тұрғындарын табиғатты қорғауға қосылуға және өз үлестерін қосуға шақырады. Басқарманың және облыс әкімдігінің ресми парақшаларында біздің акцияларымыздың келесі жаңалықтарын қадағалаңыз!