
Мемлекетбасшысыныңеліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасынорындауаясындаағымдағыжылдың 13 сәуірінде Қарағанды облысында көктемгі орман дақылдарын отырғызу басталды.
Бүгінгікүні«Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы» КММ қызметкерлерімен 6,7 га аумаққа 22,3 мың дана терек қалемшелеріотырғызылды.
Қалған орман мекемелерінде ағаш отырғызу сәуірдің екінші онкүндігінде жоспарланған.
2022 жылға облыстың орман мекемелерінде орман дақылдарын толықтыруды ескере отырып, барлығы 435 га алаңда 1,2 миллион көшет отырғызу жоспарланған, оның ішінде Жаңаарқа орман шаруашылығында – 40 га алаңда 166,6 мың дана, Қу орман шаруашылығында – 21 га алаңда 89,99 мың дана, Қарағанды орман шаруашылығында – 374 га алаңда 950 мың дана.
Отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында ауданы 41 га тұрақты питомник бар.
Ормандарды жасанды қалпына келтіру және өсіру – халық шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі. Жалпы Қарағанды облысы бойынша орман дақылдарының көлемі жыл сайын артып келеді.