
2022 жылғы 4 наурызда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің алқа отырысы өтті. Іс-шараға Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қоғамдық кеңес, кәсіподақ және аңшылар қоғамының мүшелері, аумақтық инспекциялардың, облыстық басқармалар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.
Алқа отырысында Комитеттің, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, облыстардың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары қаралып, 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Сонымен қатар, алқа отырысында Мемлекет басшысының бекітілген кешенді жоспарларға сәйкес еліміздің орман қорына 2 млрд.ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мәселелері талқыланды.
Алқа отырысында аумақтық инспекциялардың, облыстық басқармалардың басшылары сөз сөйлеп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Іс-шарада ағаштарды заңсыз кесуге және орман өрттерінің таралуына жол бермеу, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Алқа қорытындысы бойынша, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы жұмыстарды күшейту туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ақпараты бойынша