Қарағанды облысының орман қоры аумағында ағаш отырғызу аяқталды

Қарағанды облысының орман қоры аумағында ағаш отырғызу аяқталды

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 5 жыл ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд.ағаш отырғызуды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында облыс әкімдігімен Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімі бойынша, Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспары бекітілді.

Кешенді жоспарға сәйкес, 5 жыл ішінде 22 500 га алаңға 100 млн. көшет отырғызу жоспарлануда,

Биылғы жылға жоспар - 430 га алаңға 430 га алаңға 1,2 млн. көшет отырғызу жоспарланған.

Ағымдағы жылы орман қоры аумағында 445 га алаңда 1724,79 мың дана ағаш көшеттер отырғызылды.

Ағаш көшеттерін отырғызу Шахтинск (48 га), Теміртау (305 га) қалаларының, сондай-ақ  Ақтоғай (32 га), Егіндібұлақ (25 га) және Жаңаарқа  (35 га) елді мекендерінің мемлекеттік орман қоры аумағында жүргізілді.

Орман отырғызу жыл сайын көктемде және күзде жүргізіледі. Қарағанды облысында көктемде 224 га орман дақылдары отырғызылды, жалпы ауданы 221 га күзгі орман отырғызу ағымдағы жылдың  қазанында аяқталды.

Отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету үшін Қарағанды облысында ауданы 41 га тұрақты питомник бар.

Ормандарды жасанды қалпына келтіру және өсіру – халық шаруашылығының маңызды міндеттерінің бірі. Жалпы Қарағанды облысы бойынша орман дақылдарының көлемі жыл сайын артып келеді.