
Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде Қарағанды облысының барлық өңірлерінде «World Cleanup day 2021»/»Birge-taza Qazaqstan» бүкіләлемдік акциясы өткізілді. Аталған акцияның мақсаты-елді мекендердің рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерін санитарлық тазалау, абаттандыру және жою.
Облыс бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, іс – шараға 24,6 мыңнан астам адам қатысты (оның ішінде мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 6639, волонтерлар - 1874, тұрғындар-16 мыңға жуық адам).
Қарағандыда облыс әкімдігі экология Департаментімен бірлесіп Жеңіс саябағының аумағында сенбілік ұйымдастырды.
Қарағандыда облыс әкімдігі экология Департаментімен бірлесіп Жеңіс қала тұрғындарының танымал демалыс саябағының аумағында сенбілік ұйымдастырды.
Бұл күні «World Cleanup day 2021» акциясы әлемнің 150 елінде өтті, оған 380 млн.астам адам қатысты.
Сенбілік «Бөл, тапсыр, қайта өндір» акциясын да қамтыды, онда қалдықтар екі түрлі пакетке сұрыпталды: қайта өңделетін және қайта өңделмейтін. Жиналған қалдықтар қайталама шикізатты одан әрі дайындау үшін қайта өңдеуге берілді.
Жоғарыда көрсетілген акциялар аясында облыстың 18 елді мекенінің аумағында ауданы 2 мың га аумақта 2,9 мың тонна тұрмыстық қоқыс жиналды және 2150 дана түрлі ағаш тұқымдары отырғызылды.
Әрқайсымыз есімізде болсын: таза табиғат өзінен басталады!
Табиғатты қорғаңыз!