
|
Орналастыру күні |
Хабарландыру |
|
27.11.2020 |
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 07 мамырдағы №135-п бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының талаптарына және Қоғамдық тыңдаулар өткізу ережелеріне сәйкес, сондай-ақ қоғамдық қол жетімділік пен экологиялық ақпараттың қамтамасыз етілуі мақсатында «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, «Қарағанды-Теміртау су құбырын көтергіш сорғы станциясының құрылысымен қайта құру» жобасы бойынша орманды алқаптың жерлерін орман шаруашылығымен байланысты емес мақсаттарға басқа санаттағы жерлерге беру мәселесі бойынша ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізеді («Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы» КММ орман қорының жері ауданы – 16,12 га берілу керек). 1. Ашық жиналыс түріндегі қоғамдық тыңдаулар 2020 жылдың 30 желтоқсанында сағат 15-00-де «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ғимаратында Қарағанды қаласы, Лобода к-сі, 20, акт залы, 4-қабат мекен-жайы бойынша өтеді.
2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыруға және өткізуге жауапты «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жануарлар әлемін қорғау бөлімінің бас маманының м.а. Гаси́ца Оксана Сергеевна. (тел: 8(7212) 56 38 52).
3. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ эл. поштасына: orman@krg.gov.kz қабылданады.
4. Жобалық құжаттама интернет-ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press («Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ).
5. Жоба материалдарымен «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ қағаз түрінде таныса аласыз, адресі: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік б., 9, 3 қабат, 313 кабинет, тел: 8(7213) 41-15-99.
6. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау Комитеті. «Госэкспертиза» РММ – комплексті ведомстводан тыс экспертизаны жүргізу бойынша ұйымдарстыру.
7. Тапсырыс беруші - «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ болып табылады, адресі: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік б., 9, 3 қабат, 313 кабинет, тел: 8(7213) 41-15-99.
8. Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстар 2020 жылдың 25 желтоқсанына дейін guos2006@mail.ru электрондық поштасына қабылданады
9. Құжаттаманы әзірлеуші «ТС-Индустрия» ЖШС Тел.:87182614110, эл. пошта: tsi-2003@mail.ru.
10. Карантин ұзартылған жағдайда, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және Қазақстан Республикасының аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мүдделі қоғамның пікірін ескере отырып, бейнеконференциялар арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізу қарастырылады.
Тыңдауларға бейнеконференциялар арқылы ашық кездесулер түрінде қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша өту қажет:
https://us05web.zoom.us/j/8150197059?pwd=WVZlV1NVRjRkNGE4Z3UxdnZUcDc4UT09
(тыңдау күні мен уақытында жоғарыдағы сілтемені браузеріңіздің адрестік жолына көшіріңіз).
Конференцияны сәйкестендіру: 815 019 7059 Құпиясөз (пароль) 5DnHfx
11. Құжаттар төмендегі сілтеме арқылы жүктелсін: |
|
|
Жоба бойынша құжаттамаға мүдделі жұртшылықтың ескертулері, ұсыныстары
мүдделі жұртшылықтың ескертулеріне, ұсыныстарына тапсырыс берушінің жауаптары |
|
14.01.2021 |