Бертіс шығанағын жағалауды қорғаумен Балқаш қаласының қалалық жағажай ауданындағы түбіндегі шөгінділерден тазарту жобасын іске асыру мәселесі бойынша өткен кеңес туралы

Бертіс шығанағын  жағалауды қорғаумен Балқаш қаласының қалалық жағажай ауданындағы түбіндегі шөгінділерден тазарту жобасын іске асыру мәселесі бойынша өткен кеңес туралы

2025 жылғы 4 қарашада Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Б.Ж. төрағалығымен «Балқаш қаласындағы қалалық жағажай аумағындағы Бертыс шығанағының түбін тазалау және жағалауды қорғау» жобасын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өтті.

Кеңеске мердігер ұйымның, авторлық және техникалық қадағалау қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары қатысты.

Кеңес барысында жобаны іске асыру барысы, орындалатын жұмыстардың сапасы, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жобаны орындауға қатысушы тараптардың өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты орындаушыларға жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылауды күшейту, сондай-ақ жобаны іске асыру барысы туралы дер кезінде есептілік ұсыну жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Бұл жобаны іске асыру Бертіс шығанағының экологиялық жағдайын жақсартуға, су алмасуды қалпына келтіруге бағытталған.