
Теміртау қаласында 17 қазан күні сағат 14:00-де №11 мектепте және 22 қазан күні №4 мектепте «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында оқушыларға арналған экокездесулер өтті.
Дәрістер азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылды.
Қоқысты сұрыптау — тек міндет емес, табиғатты қорғауға қосылатын нақты үлес екені балаларға қызықты түрде түсіндірілді.
Интерактивті викторина мен тәжірибелік тапсырмалар барысында оқушылар қандай материалдарды қайта өңдеуге болатынын және қалдықтарды дұрыс бөлу жолдарын үйренді.
Тартымды формат іс-шараны әрі қызықты, әрі пайдалы етті.
Белсенді қатысушыларға Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан экосыйлықтар табысталды.
Экология — бұл әрекет!