
2025 жылғы 22 қазан күні Бұқар жырау ауданының Көкпекті жалпы білім беретін мектебі мен Сарытөбе негізгі мектебінің оқушыларына арналған экологиялық дәрістер өтті.
Іс-шаралар «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Оқушыларға қоқысты бөлек жинаудың маңызы мен оның табиғатқа әсері туралы айтылды.
Интерактивті викторина мен тәжірибелік тапсырмалар барысында балалар қалдықтарды дұрыс сұрыптау және қайта өңдеуге болатын материалдар туралы білім алды.
Белсенді қатысушыларға іс-шараны ұйымдастырушы — Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан экосыйлықтар табысталды.