ХАБАРЛАНДЫРУ
«Karaganda Insulation» ЖШС мына мекенжай бойынша орналасқан «Жылу оқшаулағыш материалдар зауыты» объектісі үшін кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінім материалдары бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды: Қарағанды облысы, Саран қаласы, 046 есептік орамы, 787-құрылыс («SARAN» индустриялық аймағы).
Өтінім материалдарының құрамы: объектіні пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы; қоршаған ортаға әсерге міндетті бағалау жүргізу қажеттігі жоқ деген тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлеріне скрининг жүргізу нәтижелері туралы қорытынды; технологиялық нормативтердің негіздемесі; жол берілетін шығарындылар нормативтерінің жобасы; қалдықтарды басқару бағдарламасы; өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы; жол берілетін физикалық әсерлер нормативтерінің жобасы; шығарындылардың стационарлық көздерін түгендеу жобасы; техникалық емес түйіндеме.
Көзделіп отырған қызметтің мерзімі: 2026–2035 жж.
Әсер ету аумағы: Саран қаласы.
Учаскенің географиялық координаттары: 49°50'59.72"СШ, 72°49'30.94"ВД.
Әсер ету аумағының географиялық координаттары 49°49'57.01"СШ, 72°47'52.36"ВД.
Тыңдаулар 2026 жылғы «03» қарашада сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Саран қаласы, Жамбыл көшесі, 69/1, «Саран қаласының Мәдениет үйі» КМҚК.
Zoom платформасы арқылы тыңдаулардың бейнеконференциясына қосылу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/7235411073?pwd=KKJg1FHWgKq35UU6tbnDkJXkTZEXZT.1&omn=81172238624
Конференция идентификаторы 723 541 1073. Кіру коды KrhhA0.
Қатысушыларды тіркеу қоғамдық тыңдаулар басталғанға дейін 1 сағат бұрын жүзеге асырылады (өзімен бірге жеке куәлігі болуы қажет).
Тапсырыс берушінің деректемелері мен байланыс деректері: «Karaganda Insulation» ЖШС. Заңды мекенжайы: Қарағанды облысы, Саран қаласы, 046 есептік орамы, 787-құрылыс. Телефон: 8(7212) 60-50-36, e-mail: info.krg@tn-ca.kz
Әзірлеушінің деректемелері: «EnEco Solutions» ЖШС, БСН 101040001308, Қарағанды қ., Әлиханов көшесі 1, 401 кеңсе, телефон 8(7212) 99-65-67, 8-702-422-68-16, e-mail info@eneco.com.kz.
Жобалық материалдармен https://ndbecology.gov.kz бірыңғай экологиялық порталында «Қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі» бөлімінде, сондай-ақ Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat?lang=ru «Барлық жаңалықтар – Жарияланымдар» бөлімінде танысуға болады.
Жобалық материалдар бойынша қосымша ақпаратты 8(7212) 99-65-67 телефоны, e-mail info@eneco.com.kz арқылы алуға болады.
Қағаз және электрондық нысандағы ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей https://ndbecology.gov.kz сайты арқылы, сондай-ақ Қарағанды қ., Лобода көшесі 20 мекенжайы бойынша (тел. 8(7212) 56-81-66, e-mail expertiza.upr_krg@mail.ru) қабылданады.