Қоғамдық тыңдаулар! Қатысуға шақырамыз!
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Саран қаласының рұқсат етілген шекті шығарындыларының (РШШ) жиынтық томы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Әсер ету аймағы – Саран қ. (49°47′ с.е., 72°51′ ш.б.).
Өткізу форматы: аралас (ашық жиналыс және видеоконференция байланысы).
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылы 13-қазанда сағат 11:00-де мына мекенжайда өтеді: Қарағанды облысы, Саран Қ.Ә., Саран қ., Жамбыл көшесі, 69/1, Мәдениет үйі. https://zoom.us/j/91388322804
Қатысушыларды тіркеу жеке куәліктерді қолдану арқылы жүзеге асырылады (өзіңізбен бірге жеке куәлік алыңыз).
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс‒шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде Zoom қосымшасында өткізіледі.
Жоба материалларымен және қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларымен (тындаудан кейін хаттамалар) ndbecology.gov.kz Бірыңғай экологиялық порталында және басқару сайтында танысуға болады www.gov.kz/memleket/entities/karaganda‒tabigat.
Электрондық пошта мекенжайлары, пошта мекенжайлары және телефон нөмірлерінен мына ақпараттарды алуға болады:
‒ жоба және қоғамдық тыңдау туралы қосымша ақпарат алуға;
‒ тыңдау тақырыбына қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға;
‒ өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды қағаз немесе электронды түрде жіберуге (өтетін қоғамдық тыңдаулардың ең бірінші күнінен 3 жұмыс күні бұрын)
1. Ұсынылған іс‒шараның бастамашысы: «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 030540003215, Қарағанды қ., Лободы к., 20, pr.resurs@mail.ru, expertiza.upr_krg@mail.ru, Закарина Дана +7 701 226 5623.
2. Экологиялық құжаттаманы құрастырушы: «ЭкоМузей» ҚБ, БСН 970540003220, Қарағанды қ., Бухар Жырау д‒лы, 47, tp@ecomuseum.kz, Оборина Екатерина, +7 777 716 6263.
16.10.2026 - Протокол общественных слушаний рус
16.10.2026 - Протокол общественных слушаний каз
16.10.2026 - https://www.youtube.com/watch?v=CgMLqvDco7g, https://www.youtube.com/watch?v=3WkLmS4slGI