Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «NURINSKOE» ЖШС

Құрметті тұрғындар!
«NURINSKOE» ЖШС Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды. Жобалық құжаттаманың атауы: Қарағанды облысындағы "Нуринский" учаскесінің құрамында алтыны бар кендердің тау-кен жұмыстары жоспарының жобасына ықтимал әсерлер туралы есеп. Әсер ету аумағы: Қарағанды облысы, Кенжарық ауылы (аумақтық жағынан Изенді ауылының әкімдігіне жатады). Әсер ету аумағының координаттары: 49 ̊54`44.13"се, 70 ̊45`21.79"шб. Жұмыс учаскесінің бұрыштық нүктелерінің координаттары: 1) 49 ̊54`9.95694"се, 70 ̊38`48.82012"шб; 2) 49 ̊54`9.00429"се, 70 ̊39`55.51953"шб; 3) 49 ̊52`47.60107"се, 70 ̊40`12.01450"шб; 4) 49 ̊52`56.37266"се, 70 ̊37`17.93920"шб; 5) 49 ̊53`36.76053"се, 70 ̊37`19.29258"шб; 6) 49 ̊53`41.27072"се, 70 ̊38`49.92861"шб. Геологиялық бөлу ауданы 66 шаршы км құрайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылғы 10 шілдеде сағат 15:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Изенді ауылы, ауылдық мәдениет үйінің ғимараты, Бокаев көшесі, 11. Қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін мына сілтеме бойынша өту қажет: https://us06web.zoom.us/j/86340144146?pwd=52JbTYhJecV5g5TzpkOv6VUmWZuIjA.1 Конференция идентификаторы: 863 4014 4146, кіру коды: 486658. Тіркеу талқылау басталғанға дейін 15 минут бұрын басталады. Қосылу мәселелері бойынша көзделіп отырған қызмет бастамашысының телефондары бойынша хабарласуға болады. Халқы аз Кенжарық ауылы аумақтық тұрғыдан Изенді ауылдық әкімдігіне қарайды. Кенжарық ауылының тұрғындарына қоғамдық тыңдауларға қатысу үшін көлік қамтамасыз етіледі.
Жобалық құжаттама пакетімен «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» порталда https://ndbecology.gov.kz/, "қоғамдық тыңдаулар күнтізбесі" бөлімі танысуға болады, сондай-ақ «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ЖАО-ның ресми сайтындағы «Қоғамдық тыңдаулар» бөлімінде орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/article/1?directions=_5159&lang=ru.
Барлық ескертулер және / немесе ұсыныстар «Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы Ұлттық деректер банкі» порталда, сондай-ақ: Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қ., Лобода к-сі, 20, " Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ, тел. қоғамдық тыңдаулар өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады: 8 (7212) 56-41-27. Электрондық мекен-жайы: expertiza.upr_krg@mail.ru.
Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сәйкес ашық жиналысты өткізу мерзімі қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың шешімі бойынша қатарынан бес жұмыс күніне дейін ұзартылады.
Ұсынылған қызметтің бастамашысы: "NURINSKOE" ЖШС, 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Қазыбек би ауданы, Сәтбаев көшесі, 17-ғимарат, БСН 190240035755, тел: 8 (705) 268-45-14, E-mail: polossiaelena@gmail.com.
Жобалық құжаттаманы әзірлеуші: "Legal Ecology Concept" ЖШС, 070002, Өскемен қ., М. Горький к-сі, 21, БСН: 211040029201, Тел.: +7 (777) 414-90-10, e-mail: toolec21@gmail.com.
Қосымша ақпаратты электрондық пошта арқылы алуға болады: toolec21@gmail.com және тел: +7 (777) 414-90-10.

Электронная версия проекта  
Наименование файла Размер
ПГР_Нуринский_ 13.04.pdf 5.12 МБ
ОВОС Нуринский 06.06.pdf 10.19 МБ

Электронная версия нетехническое резюме проекта

 
Наименование файла Размер
Краткое нетехническое резюме .pdf 0.43 МБ

Фото объявлений, размещенных на досках

 
Наименование файла Размер
498b3ae6-3945-44d9-b6df-57832fcdef45.jfif 0.58 МБ
c1316583-5f0b-4a52-92bd-71fa9433b709.jfif 0.49 МБ

Подтверждающий документ о своевременном размещении объявления о проведении общественных слушаний в периодическом печатном издании (газета)

 
Наименование файла Размер
7 полоса _страница 2.pdf 0.74 МБ
1 полоса _страница 2.pdf 3.43 МБ

Подтверждающий документ о своевременном размещении объявления о проведении общественных слушаний не менее чем в одном теле- или радиоканале

 
Наименование файла Размер
Эфирная справка.pdf 3.66 МБ

 

15.07.2026 - Протокол общественных слушаний рус

15.07.2026 - Протокол общественных слушаний каз

15.07.2026 - https://www.youtube.com/watch?v=1Kz9uEdR7OA, https://www.youtube.com/watch?v=byky0V3_iFc

Дата публикации
09 июня 2026
Дата обновления
17 июля 2026
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Ақнар ПФ» ЖШС
Хабарлама
20 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Хабарлама
16 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Утилизация ЛТД» ЖШС

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы