«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Балқаш қаласының рұқсат етілген шекті шығарындыларының (РШШ) жиынтық томы» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Әсер ету аймағы – Балқаш қ., Саяқ к. және Гүлшат к. (46°50'34" с.е., 74°58'39" ш.б.).
Өткізу форматы: аралас (ашық жиналыс және видеоконференция байланысы).
Қоғамдық тыңдаулар Қарағанды облысының 3 елді мекенінің әрқайсысында мына мекенжайларда өтеді:
1. 2026 жылғы 29 қаңтарда сағат 12.00-де: Балқаш Қ.Ә., Саяқ к.ә., Саяқ к., Шахтеров көшесі, 48, Мәдениет үйі. https://zoom.us/j/91706272343
2. 2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 12.00-де: Балқаш Қ.Ә., Ш. Уәлихан атын.көше, 3, Балқаш қаласының әкімдігі. https://zoom.us/j/95860131173
3. 2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 17.00-де: Балқаш Қ.Ә., Гүлшат к.ә., Гүлшат к., Школьная, 3 көшесі, Клуб. https://zoom.us/j/93955204709
Қатысушыларды тіркеу жеке куәліктерді қолдану арқылы жүзеге асырылады (өзіңізбен бірге жеке куәлік алыңыз).
Төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс‒шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар енгізілген жағдайда қоғамдық тыңдаулар онлайн режимінде Zoom қосымшасында өткізіледі.
Жоба материалларымен және қоғамдық тыңдаулардың хаттамаларымен (тындаудан кейін хаттамалар) ndbecology.gov.kz Бірыңғай экологиялық порталында және басқару сайтында танысуға болады www.gov.kz/memleket/entities/karaganda‒tabigat.
Электрондық пошта мекенжайлары, пошта мекенжайлары және телефон нөмірлерінен мына ақпараттарды алуға болады:
‒ жоба және қоғамдық тыңдау туралы қосымша ақпарат алуға;
‒ тыңдау тақырыбына қатысты құжаттардың көшірмелерін сұратуға;
‒ өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды қағаз немесе электронды түрде жіберуге (өтетін қоғамдық тыңдаулардың ең бірінші күнінен 3 жұмыс күні бұрын)
1. Ұсынылған іс‒шараның бастамашысы: «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ, БСН 030540003215, Қарағанды қ., Лободы к., 20, pr.resurs@mail.ru, Закарина Дана +7 701 226 5623.
2. Экологиялық құжаттаманы құрастырушы: «ЭкоМузей» ҚБ, БСН 970540003220, Қарағанды қ., Бухар Жырау д‒лы, 47, tp@ecomuseum.kz, Синюкова Алина +7 701 640 2409.
04.02.2026 - Протокол общественных слушаний рус 29/01/2026 12:00
04.02.2026 - Протокол общественных слушаний каз 29/01/2026 12:00
04.02.2026 -