Меню

Страницы

Статья

Жаңа орман өрт сөндіру бекеттері

Бүгін Республика күніне орай Ақтоғай ауданында қарасты Қаратал ауылында (Қызыларай орманшылығында) тағы бір орман өрт сөндіру станциясы ашылды. Жаңа нысанды пайдалануға беру үшін Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев пен Ақтоғай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. К. Амралин Қаратал ауылына барды. Басқарма басшысы Ақтоғай орман шаруашылығының жеке құрамын облыс басшылығы атынан орман өрт сөндіру стансиясының пайда болуымен құттықтады. Алдағы уақытта орман мекемелеріне арналған нысандар салынып, жаңартылатынын атап өтті. Осы саладағы соңғы оқиғаларға байланысты ҚР Президенті Үкіметке, әкімдіктерге материалдық-техникалық бөлімді жаңартуға, жалақыны арттыруға,жеке құрамды табиғи және техногендік катаклизмдерге неғұрлым дайын болуға ерекше назар аударуды тапсырды.
Ақтоғай орман шаруашылығының орман қоры 74 467 га құрайды. Оның ішінде 48 233 га орманмен жабылған.Ормандарды күзетуді, қорғауды, өсімін молайтуды және орманшылықтардың орман өсімін қамтамасыз ету үшін 104 штаттық бірлік жұмылдырылды. Мұнда 71 адам жұмыс істеді.
Ағымдағы жылы шаруашылықтың техникалық паркі заманауи техникамен жаңартылды, жеке құрам мамандандырылған киім-кешекпен толық қамтамасыз етілді. Орман шаруашылығы қызметшілерінің жалақысы көтерілді.

Дата публикации
19 октября 2023
Дата обновления
19 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
20 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Ақнар ПФ» ЖШС
Хабарлама
20 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
Хабарлама
16 октября 2026
Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлама. «Утилизация ЛТД» ЖШС

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы