«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің 2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау жөніндегі есебіне аналитикалық анықтама
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылықтар» мемлекеттік орман иеленушілері «Ағаш кесу билетін және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсетушілер болып табылады.
2024 жылы барлығы 1 765 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
қағаз нысанында көрсетілген қызметтер – 0.
электрондық үкіметтің веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге болатын, баламалы негізде қағаз нысанында көрсетілген қызметтер – 6.
мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер -0;
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 759, оның ішінде: «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер – 0;
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер – 0.
«Акваөсіру (балық өсіру) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау» мемлекеттік қызметі бойынша – 15 қызмет көрсетілді.
«Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектілері шеккен шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік қызметі – 3.
«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1 741, оның ішінде:
II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру – 134 қызмет (1 жеке тұлғаға, 133 заңды тұлғаға);
Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру – 579 қызмет (30 жеке тұлғаға, 549 заңды тұлғаға);
Ағаш кесу билетін және орман билетін беру – 52 қызмет (42 жеке тұлғаға, 4 заңды тұлғаға электрондық түрде, 6 заңды тұлғаға қағаз нысанында).
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі – 1 028, оның ішінде:
қызмет түрлері бойынша:
Аң аулау – 912 қызмет (67 жеке тұлғаға, 845 заңды тұлғаға)
Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатындағы, мелиоративтік және өсімін молайту мақсатындағы аулау) – 115 қызмет (44 жеке тұлғаға, 71 заңды тұлғаға).
Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану – 1 қызмет (0 жеке тұлғаға, 1 заңды тұлғаға).
Жануарлар дүниесін өсімін молайту мақсатында пайдалану – 0 қызмет.
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер – 0.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 0.