«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ -нің 2023 жылғы 12 айдағы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау жөніндегі есебіне аналитикалық анықтама
«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
Ведомстволық бағынысты ұйымдар – «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылықтар» мемлекеттік орман иеленушілері «Ағаш кесу билетін және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсетушілер болып табылады.
2022 жылғы 13 желтоқсандағы №175 бұйрығымен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2023 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес іс-шараларды өткізу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығы болып белгіленді.
2023 жылдың 12 айында барлығы 1 556 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан қағаз нысанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0.
Көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан баламалы негізде қағаз нысанында көрсетілген, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетуге болатын мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 4, оның ішінде:
- «Ағаш кесу билетін және орман билетін беру» – 4 қызмет (0 – жеке тұлғаларға, 4 – заңды тұлғаларға).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0;
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 552, оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 0;
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 8, оның ішінде: - «Акваөсіру (балық өсіру) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау» – kezekte.kz порталы арқылы 8 қызмет (7 – жеке тұлғаға, 1 – заңды тұлғаға).
«Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1 544, оның ішінде:
«Акваөсіру (балық өсіру) өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялау» – 8 қызмет (0 – жеке тұлғаға, 8 – заңды тұлғаға).
II санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат беру – 123 қызмет (2 – жеке тұлғаға, 121 – заңды тұлғаға).
Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру – 437 қызмет (42 – жеке тұлғаға, 395 – заңды тұлғаға).
Ағаш кесу билетін және орман билетін беру – 31 қызмет (29 – жеке тұлғаға, 2 – заңды тұлғаға электрондық түрде).
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру – 945 қызмет, оның ішінде:
Қызмет түрлері бойынша:
Аң аулау – 823 қызмет (86 – жеке тұлғаға, 737 – заңды тұлғаға)
Балық аулау (кәсіпшілік, әуесқойлық (спорттық), ғылыми-зерттеу мақсатындағы, мелиоративтік және өсімін молайту мақсатындағы аулау) – 108 қызмет (37 – жеке тұлғаға, 71 – заңды тұлғаға).
Жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияның алдын алу мақсатында пайдалану – 14 қызмет (0 – жеке тұлғаға, 14 – заңды тұлғаға).
Жануарлар дүниесі түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалану – 0 қызмет.
Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген қызметтер – 0.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 5.
Орынд. Трубникова Н.В.
Тел. 8-(72-12)-56-81-66