Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы

 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы»

 

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 2,4,5 және 6-тармақтарында белгіленген қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы бойынша 2 есеге жоғарылатылсын.
  2. Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының» Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары туралы» № 465 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1903 болып тіркелген) күші жойылды деп тану;
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Маслихат по ставкам 2023 Каз
Дата публикации
18 октября 2023