«Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ және орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Орман шаруашылығы КММ (ведомстволық бағынысты ұйымдар) 2021 жылғы есебіне талдамалық анықтама

"Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі есебіне талдамалық анықтама.

"Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 2020 жылғы 11 ақпаннан бастап "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1. "II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру";

2. "II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру";

3. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру";

Ведомстволық бағынысты ұйымдар "орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылықтар" мемлекеттік орман иеленушілері "ағаш кесу және орман билетін беру"мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады

2020 жылғы 18 желтоқсандағы № 162 бұйрықпен ведомстволық бағынысты бес мемлекеттік мекемеде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2021 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бекітілген бақылау іс - шараларының жоспарына сәйкес іс-шаралар 4 ведомстволық бағынысты ұйымдарда өткізілді

Бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында "Ұлытау ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық" КММ-де бекітілген жоспарға сәйкес бақылау іс-шаралары жүргізілмеді, өйткені КММ-нің мүліктік кешенін облыстың коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беру бойынша жұмыстар жүргізілді. (беру актісін, ревизияны дайындау, Қарағанды облысы әкімдігінің 01.10.2021 жылғы "Қарағанды облысының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке мүліктік кешенді беру туралы" қаулысы және т.б.).

2021 жылы барлығы 2768 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Көрсетілетін қызметті беруші қағаз нысанда көрсеткен барлығы-0.

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін, көрсетілетін қызметті берушілер баламалы негізде қағаз нысанда көрсеткен барлығы, оның ішінде қызмет түрлері бойынша 38 оның ішінде.

"Ағаш кесу және орман билетін беру" -38;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген -0;

Электрондық түрде көрсетілген барлығы 2730, оның ішінде: "электрондық үкіметтің" веб порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген 0;

"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілді барлығы 2730, оның ішінде.:

"II, III және IV санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру-343",

"II, III және IV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру" 922,

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" 1418;

"Ағаш кесу және орман билетін беру" 47.

Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген 0.

Белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-0.

Дата публикации
09 января 2023